Жаңалықтар

«Күз мезгіліне дайындалып жатырмыз» – аурудың екінші толқыны туралы Надыров

0
(0)

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Камалжан Надыров коронавирустың екінші толқынына дайындықтың басталып кеткенін айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Надыровтың сөзінше медициналық қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Алматы қаласының мамандары арнайы қорғаныш құралдары мен тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген деп отыр ол.

  – «Науқастардың медициналық көмекті алу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Медициналық қызметкерлер қорғаныш құралдарымен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген», – дейді Надыров.

Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы коронавирустың екінші толқыны туралы айтып өтті. Қазіргі таңда вирустың жаңа әлде қайда күшті формасына дайындық бастап кеткендерін айта кетті

Надыров. – «Күз мезгіліне де дайындалып жатырмыз. Егер аурудың екінші толқыны болып қалса деп», – дейді Надыров.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Надыров ауру белгілері жоқ науқастар емдеуді қажет етпейтіні туралы жазған болатынбыз.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close