Жаңалықтар

Жұрттың баласы! Өзбектер Hugo Boss-тың киімін тіге бастады

Наманган облысының Давлатабад ауданында «Фазман Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлемдегі ең ірі брендтердің бірі Hugo Boss (Германия) компаниясымен бірлесіп еуропалық стандартқа сай тігін бұйымдарын шығаратын кәсіпорынды іске қосты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Құны 40 миллион долларды құрайтын кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 миллион дана дайын өнімді құрайды. Мұнда классикалық костюмдер, ерлер мен әйелдерге арналған киімдер тігіледі.

Жобаның құны 40 млн долларды құрайды.Жоба іске қосылғаннан кейін 3000 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жобаны жүзеге асыру үшін Германия мен Түркиядан заманауи қондырғылар әкелініп, орнатылды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 миллион дана дайын өнім, ал жылдық экспорт көлемі 15 миллион долларды құрайды.

Компания классикалық костюмдерді, сондай-ақ Hugo Boss брендімен ерлер, әйелдер және балалар киімдерін шығаратын болады.

Еске салайық, облыс Waikiki (Түркия), Baldessarini (Германия), ZARA (Испания) сияқты ірі брендтермен бірлесіп, дайын тоқыма өнімдерін де шығарады.

Фото: spot.uz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

1 Пікір

1 Пікір

  1. Абдирашид Эримбетов

    07.12.2022 at 02:20

    Жұрттың басшылары ыбырай біздікілер сұмырай десей

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.