Жаңалықтар

«URKER – 2022» Ұлттық бәйгесінде Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия беріледі

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, – деп newsroom.kz хабарлайды tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Байқауға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы. 

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты;
  • Жылдың үздік репортажы;
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы;
  • Халықаралық тақырыптағы үздік материал;
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
  • Радиостанциядағы үздік жоба;
  • Жылдың үздік фотосуреті;
  • Үздік өңірлік БАҚ.

Сондай-ақ, байқауда Ахмет Байтұрсынов, Шерхан Мұртаза, Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия ұсынылады. 

Айта кетейік, URKER – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

Фото: tengrinews.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.