Жаңалықтар

Анонс: «Елім деп соққан жүректер» атты мерекелік концерт өтеді

5
(2)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақконцерт ел мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан өнер тұлғаларына арналған «Елім деп соққан жүректер» атты үлкен мерекелік концерт ұсынады.

Концерт 7 желтоқсан күні сағат 19:30-да «Қазақстан» орталық концерт залында (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді.

Көптеген композиторлар мен ақындар, театр, кино және телевизия жұлдыздары отандық мәдениет тарихында өздерінің жарқын іздерін қалдырып, өнерін туған еліне арнады. Олардың қалдырған мол мұрасы арқылы Қазақстан мәдениеті көркем туындылармен толыға түсті. Композиторлар – Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Сейдолла Байтереков, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев, Талғат Сарыбаев;  ақындар – Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев, Абдрахман Асылбек, Ибрагим Исаев; музыканттар мен әншілер – Яков Хан, Нұрлан Байкозов, Батырхан Шүкенов, Болат Сыздықов; атақты «Азия дауысы» және «Жас қанат» жобаларының негізін қалаушылар Мұрат Иргалиев пен Александр Пономарев. Олардың өнері мен уақыт сынынан өткен үздік әндері әрдайым халық жадында.

Бұл мерекелік кеште Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Медеу Арынбаев, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Ерлан Рысқали, Рүстем Нұржігіт, Азамат Жылтыркөзов, Азат Малик, Әміре, Рухия Байдүкенова және өзге белгілі әртістер, сондай-ақ «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, «Saz&Soul» тобы, «Астана мюзикл» театры өнер көрсетеді.

Қосымша сұрақтар бойынша:

тел./факс: +7 7172 -70-53-31;  

+7 701 820 97 90

+7 701 632 36 23                  

e-mail: infoqazaqconcert@gmail.com

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button