Жаңалықтар

Үш періште

0
(0)

Хабарымызды Атырау облысындағы трагедиядан бастамақпыз. Үш үйдің үш періштесі тілсіз жаудың құрбаны болды. Иісі қазақтың қабырғасын қайыстырған қайғылы жайт Махамбет ауданы Ортақшыл ауылындағы жер үйлердің бірінде болған. Балғындардың күйген денесін көршілері тапқан екен. Сұмдық жайттың мән-жайын әріптесім біліп көрген еді.

Күлі ғана қалған қора, қайғыдан қан жұтқан ана, қыршын кеткен 3 бала… Үш үйдің үш періштесі.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында көрсетілді деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

АЛТЫН ӘБЕНОВА, ОРТАҚШЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӨЗ ЖҰМҒАН БАЛАНЫҢ ӘЖЕСІ: «Сағат беске дейін үйде болып, қасында екі бала келіп, апай жіберсіңізші деді. Жоқ жібермеймін деп едім, жоқ деп сұрап алды. Тек бір сағат ойнаймыз деп кетті. Жібергенім сол еді…»

Арада бір сағат, екі сағат та емес, бес сағат өтті.  Балаларды көрген ешкім жоқ. Сол уақытта тілсіз жаумен арпаласып жатқан балғындардың  тірідей жанып жатқанын ешкім де білмеген…

ЖАСҰЛАН АҚТАЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Үш бала жоғалып кетті деген хабарлама келіп түскеннен кейін, іздестіру жұмыстары атқарылып жатқан кезде шөптің арасынан жанып кеткен шөптің арасынан жанып кеткен күлдердің арасынан табылған денелері».

Балғындарды жұрт ауыл болып, 6 сағат бойы іздеген.

АЛТЫН ӘБЕНОВА, ОРТАҚШЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӨЗ ЖҰМҒАН БАЛАНЫҢ ӘЖЕСІ: «От дейтін 4-5 сағат жанды. Содан кейін барып жаңағы ауылдың бір кісісі айтты.  Жаман айтпай, жақсы жоқ. Мына күлдің арасын қарадыңдар ма деп. Сонда барып қарап тұрып. Оған дейін вообще қарамадық.  0806- Ең болмаса жанайқайы шығатын еді ғой».

Қазір  тиісті  сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайы анықталып жатыр. Бірақғ, ауыл тұрғындарының өз  болжамы да жоқ емес.

ӘДІЛБЕК ЫЗҒАЛИЕВ, ОРТАҚШЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қолдарында бір күшік болған. сөйтіп ойнап жүріп, анау күшіктен айырылып қалғанда, анау күшік шөптің арасына кіріп кеткен. Соның артынан үшеуі жорғалап кіріп, 2-3 оқитын балалар ғой ес жоқ, қараңғы болғасын спичка жаққан. Спичка жаққанда анау лап етіп түскен де, балалар шыға алмай, сол жерде қалып қойған».

Ортақшыл ауылы ғана емес,   үш отбасының қайғысына күллі қазақ елі ортақ.  Бұл ретте, облыс әкімі қара жамылған отбасыларға көңіл білдіріп, тиісті материалдық көмек берілетінін хабарлады. Бірақ бауыр еті балаларын жер қойнына тапсырған ата-аналарға бұл жұбаныш бола алмасы анық.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button