Жаңалықтар

Балабақшадағы былық

0
(0)

Балабақшаға аманаттаған балалар қақаған суықта дала кезіп жүр. Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшалардың бірінде болған оқыс оқиға әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті. Бірі тәрбиешілердің жер-жебіріне жетті, бірі түсіністік танытты. Тілшіміз Мұхтар Өміртай балабақшалардағы олқылықтарға ойысып көрді. Бұл туралы newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл – Елордадағы жекеменшік  балабақшада болған жағдай. Меңгерушінің сөзіне сенсек, техникалық ақауларға байланысты мекеменің қауіпсіздік жүйелері бұзылып қалыпты. Сол сәтте тәрбиешілердің көзін ала бере екі бала ашық қалған қызметтік есіктен сыртқа шығып кеткен көрінеді. Қақаған суықта сыртта жүрген бүлдіршіндерді жолай көріп қалғандар жетектеп ішке кіргізіп, тәрбиешілердің қолына тапсырған. Ал балабақша басшылығы болған жайт үшін кешірім сұрап, балалардың ата-аналары түсіністік танытқанын жеткізді.

Балабақшадағы оқыс оқиғалардың басы бұл емес. Осыдан жеті жыл бұрын 3 жасар бала жоғалып кеткен еді. Сәтін салғанда аман-есен табылды. Сөйтсе, теміржол асып, балабақша аумағынан алыстап кеткен екен. Ал Түркістанда шөлдеген бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойып, талай уақыт ауыр жағдайда жатқан болатын. Біз осы бір олқылықтардан кейін көптің көкейінде балабақшаға деген сенімсіздік бар ма екен, сұрап білдік.

«Ешқандай сенім жоқ менде, ешқандай.

Менің ойымша ,квалификацияларын көтеру керек. Психологиялық тұрғыдан дамытып, тексеру керек деп ойлаймын тәрбиешілерді».

Қазір бала көбейіп жатыр жылдан жылға. Бәрі балабақша ашатын кезде бизнес ретінде қарайды да, баланы көп ойламайды.

Біраз жыл бұрын кезек мәселесін шешу мақсатында «Балапан» бағдарламасы қолға алынды. Мемлекеттік балабақшалардың жүгін жеңілдету үшін жекеменшік негіздегі балабақшалар ашыла бастады. Десе де, кез келген балабақша, мейлі ол мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын атына заты сай болуы тиіс дейді Қазақстан жеке балабақшалар қауымдастығының мүшесі Баян Ахатай.

БАЯН АХАТАЙ, ҚАЗАҚСТАН ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Балаға қызмет жасау арқылы ақша табуға келген адам, міндетті түрде бірінші сапаны қолға алуы керек. Оның ішінде бірінші кезекте баланың бас қауіпсіздігі. Денсаулығына ешқандай қауіп болмау керек. Одан ары қарай дамып, жетілуі баланың. Бала деген аманат қой. Аманатқа ешқандай  қиянат жасамау керек».

Баян Ахатай күнкөріс қамы үшін келген, тәрбиеші мамандығына сай емес қызметкерлердің аз емес екенін жасырмады. Тіпті еденді де жуып, асты да дайындап, баланы да қарайтын бесаспаптар да кездеседі дейді. Бұл орайда ең әуелі жауапкершілікті күшейту керек.

БАЯН АХАТАЙ, ҚАЗАҚСТАН ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Көбіне ешқандай дайындықсыз адамдар болуы мүмкін тәрбиеші көмекшілері. Соларға қандай да бір курстар ұйымдастыру керек бола ма. Сол жағын қолға алу керек сияқты».

«Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын» деген Ахмет, әу баста балаға деген қоғам қарым-қатынасының қаншалықты маңызды екенін жете түсіндіріп кеткен. Әр ата-ананың айтары, бүгінгі балабақшалардың жай-күйі осы бір аталы сөзге лайық болса деген талап-тілек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button