Жаңалықтар

Соңғы сапар

фото: 24 хабар

Жеңіл көліктің екі жолаушысы алған жарақаты ауыр болып, тіл тартатпастан жол бойында қайтыс болды.

Соңғы сапар. Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, екі жолаушы қаза  тапты. Алты адам қазір ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қалай? Апатқа кім кінәлі? Бұл туралы newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі адамның өмірін жалмаған жол апаты Ақтөбе-Астрахан тас жолында болған. Жеңіл көлік облыс орталығынан Алға ауданына  бет алған екен.  Жүргізуші қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігін соққан. Жеңіл көліктің екі жолаушысы алған жарақаты ауыр болып, тіл тартатпастан жол бойында қайтыс болды. Қалған алатауын Ақтөбеге жеткізген.

СӘКЕН ҚАПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Олардың   жағдайының бәрі де орташа ауырлықта,  бесеуінікі. Бесеуі де бөлімшегше жатқызылды.  Үшеуі- нейрохирургияға, екеуі- политравма отделениеге. Бір жарақат алған адам реанимацияға салынды. Онда   бастың  жабық жарақаты және мидың  шайқалуының ауыр дәрежесі. Ол кеше реанимацияға салынып, бүгін отделениеге көшіріліп жатыр.

Дәрігерлер науқастардың үшеуіне бастың жабық жарақаты, мидың шайқалуы деген диагноз қойған, қалғандарының кеудесі жарақаттанып, қабырғалары сынған. Қазір бәрінің жағдайы орташа ауыр. Ем қабылдап жатқандардың арасында жеңіл көліктің иесі  29 жастағы жүргізуші де бар.

АЙДОС ҚҰЛЖАНОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ  БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Бұрын соңды жол көлік  оқиғасына түспеген, алкоголь ішпеген. Бұл  жол көлік оқиғасының негізгі себептері –  көлік  құралының қарсы бағытына шығып кету әсері  болып отыр. Жыл басынан  Ақтөбе Астрахань тас жолында  16 көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза болып, 24 адам жарақат алған.

Полицейлер өңірде күре жолдағы апаттың негізгі себептері   көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс арттырып, қарсы бағытқа шығып кетуі, жол ережелерін бұзу екенін айтады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.