Жаңалықтар

Алатау баурайынан шыққан өрт жер үйлерге тарай бастады

5
(2)

Алатау баурайын алапат өрт шарпып, тұрғындар эвакуацияға дайындалды. Тілсіз жау бір күн бойы ырық бермей, жақын маңдағы үйлердің бәріне қауіп төндірген. Сумаңдаған жауыздың тілімен мамандар 12 сағаттан астам арпалысыпты.  25 гектар жерді жалап-жұқтаған жалынның неден тұтанғанын тілшіміз біледі.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Тау бөктерінде өрттің тұтанып, қара түтінің будақтай бастағанын алғаш болып сол маңдағы тұрғындар байқаған. Күн ыстық, шөптер қурап тұрғандықтан тілсіз жау тез күш алып,  қызыл жалын әп-сәтте жер үйлердің маңайына дейін жеткен. Кешқұрым болған оқиғадан жақын маңдағы жұрттың әбден зәресі ұшыпты.

Өртенген аймаққа көлікпен бару қиындық туғызғандықтан, өрт сөндірушілерге жаяу-жалпылап жетіпті. Қолдарына күрек, арнайы құралдар ұстаған олар ең бірінші сол маңдағы қауіп төнген елу шақты баспананы аман алып қалудың қамына кіріскен.

Өрт сөндірушілердің шапшаң қимылының арқасында қызыл жалын үйлерге тарамады. Төтенше жағдай қызметкерлері бірнеше жерде өрт ошақтары болған деп отыр. Ал аяқ астыннан тұтанған өрт бар-жоғы 2 сағаттың ішінде  гектарлаған аумақты тып-типыл еткен.  Қазіргі таңда мамандар тілсіз жаудың  қалай тұтанғанын анықтап жатыр.

ЕРЛАН АХАШОВ,  АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Құрғақ шөптің жануы 5 қыркүйек сағат 20:51-де ауыздықталып, 6 қыркүйек сағат 07:20 жойылды. Жану аумағы 25 гектар. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 00:45 Алматы облысының төтенше жағдай департаменті азаматтарды құрғақ шөпті өртемеуге, сөндірілмеген темекіні тастауға белгіленбеген жерде өрт қоймауды, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды».

«Думан» ықшам ауданындағы жергілікті тұрғындар мұнда жыл сайын өрттің болатынын алға тартуда. Тіпті әдетке айналды деп деп отыр. Тілсіз жаудан қорыққан жұрт кеше эвакуациялануға да дайындалған. Сәтін салғанда қызыл жалын ауыздықталып, қауіптің беті сейілді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button