Жаңалықтар

Астана күні «Есіл толқынында» аталып өтті

0
(0)

   Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 5-7 шілде аралығында Елорда күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Есіл өзені бойында «Есіл толқыны» концерті өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – бас қаланың тұрғындары мен қонақтарын Астана күнімен құттықтау, мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Сондай-ақ қала тұрғындарының қатаң пандемия жағдайында бір орынға жиналмауын қамтамасыз ету үшін концерт Есіл өзені бойында кемеде өтеді.  Әртістер, өнер ұжымдары «Астана» теплоходында өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасы 3 сағатқа арналған.

«Есіл толқыны» елордалықтар мен қала қонақтарының көңілінен шыққан мерекелік іс-шара болды. Көрермен Есіл өзенінің оң және сол жағалауынан қазақстандық өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Концерттік бағдарламада қазақ халқының музыкалық мұрасы мен эстрада жанрында әндер шырқалады. Оған Света – Қанат Айтбаевтар, Майра Ильясова, Асем Омарова, Арайлым Рахым, Парасат Отан, Алтынай Жорабаева, Асем Омарова, Дос, Диана Маева, Маржан Арапбаева т.б. өнерпаздар қатысады.

Айта кетейік, іс-шараға қатысушылардың барлығы коронавируске қарсы вакцина алған, денсаулығына байланысты вакцина алмағандар ПТР-тесттен өткен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button