Жаңалықтар

Бүгін қоғам қайраткері, саясаткер Дариға Назарбаеваның туған күні

0
(0)

Бүгін Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның туған күні. Ол 1963 жылы 7 мамырда Теміртау қаласында дүниеге келген.
Ол тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, мемлекеттік қайраткер және саясаткер.

Дариға Назарбаеваның мансап сатысындағы қадамы 1992 жылы оның анасы Сара Назарбаеваның қалаған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті болып тағайындалуынан басталады. Қор балаларға көмек көрсетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы ұйым болды.

1994 жылы Дариға Назарбаева «Қазақстан теледидары мен радиосы республикалық корпорациясының вице-президенттері болып тағайындалды. 1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің негізінде «Хабар»телеарнасы құрылды. Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен «Хабар» өзінің меншікті тілшілер желісін дамытып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ел телеарналары арасында көшбасшы орынға ие болды.

«Хабардан» бөлек Дариға Назарбаевамен байланысты құрылымдар «Европа Плюс» радиостанциясын, КТК, НТК телекомпанияларын, танымал «Караван» газетін сатып алды. Жаңа медиа-холдингті басқару үшін «ТВ-медиа» және «Алма-медиа» компаниялары құрылды.

1998 жылы «Хабар» жабық акционерлік қоғам болып қайта құрылды, ал Дариға Назарбаева ЖАҚ президенті лауазымына, ал 2001 жылдан бастап Директорлар кеңесінің төрайымы болды.

2003 жылы «Асар» партиясына жетекшілік етті.

2019 жылы еліміздің сенатының төриесі қызметін атқарып, жуырда ғана өкілеттілігін тоқтатты.

Мемлекеттік істерден бөлек оның әншілік өнері де бар. Оның репертуарында қазақ халық әндері, орыс романстары, опера ариялары баршылық.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close