COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

ҚДС басшысы Алматыдағы аяқ-қолы құрысып қалған әйелге қатысты түсініктеме берді

4
(2)

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев «вакцинадан кейінгі» асқынулар мен өлім жағдайларына түсінік берді.

ҚДС басшысы бүгінгі таңда Алматыда вакцина салдырғаннан кейін 73 адамның жағдайы асқынғанын хабарлады.

«Оның ішінде екі компонентті алғаннан кейін төрт адам ауруханаға түсті. Қазір комиссия тергеу жүргізіп жатыр.

Балалар приматологиясы және кардиохирургия орталығының акушеріне келетін болсақ, комиссия аяқталды десе болады. Оның жағдайының вакцинаға тікелей байланысы жоқ. Комиссия мұны истероидтық реакция ретінде бағалады. Біз толық қорытындыны күтіп отырмыз, әзірге ол ата-анасының үйінде бақылауда», – деді Нариман Табынбаев.

Ол өлім жағдайларына қатысты да пікір білдірді.

«Бәріне белгілі екі жағдай туралы. Бұл вакцина салдырғаннан кейін екінші күні қайтыс болған №4 перзентхананың қызметкері. Комиссия ол жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды деген қорытындыға келді.

Екінші жағдай бойынша медициналық сараптама нәтижесін 4 маусымда алуымыз керек еді, бірақ әлі берілмеді», – деді ол.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде аяқ-қолы вакцинадан кейін тырысып қалды делінген видео тараған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button