Ақтөбе облысыЖаңалықтарТарих

Ақбота-Сәңкібай шоқысы жөнінде не білеміз?

5
(3)

Еліміздің батысында ерекше орын бар. Оны көпшілік біле бермейді. Ол – Ақбота-Сәңкібай шоқысы. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында орналасқан. Табиғаттың таңғажайып ескерткіші Жем өзені жағынан мен мұндалап, алыстан әппақ болып көрініп тұрады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрын-соңды көрмеген соң шоқының тарихы бізге де қызық. Әппақ тау туралы шетелдіктер де біледі. 2000 жылдардың басында Германияның Гамбург қаласынан ғалым арнайы іздеп келген. Қолындағы картасынан «Шахмат ханшайымы» деген ескерткішті көрсетіп, іздеп жүргенін айтыпты. Неге «Шахмат ханшайымы», мәнісін сапарласымыздан сұрадық.

Ақбота-Сәңкібай жайында мен 2013 жылдан бастап естідім. Ол жаққа өзімнің достарыммен талай экспедицияға бардық. Тарихи тереңде жатыр. Көп адамдар қызығады, дейді Еркебұлан АЙМҰРАТҰЛЫ, туроператор жетекшісі.

Керемет көрініс. Жанына жақындап қарасаң, шоқы табиғаттың өзі қолмен салған туынды секілді. Қатпар-қатпар жота еріксіз баурайды. Алдынан қарағанда бүрмелі көйлек киген сұлуды көргендей боласыз. Тау жотасындағы сызаттар, жауын-шашын «салған» өрнектер, бейне бір шахмат тақтасын елестеді. Айналасы тегіс жазық. Жерден тік шығып тұрған таудың қайдан, қалай пайда болғаны – табиғаттың жұмбағы. Ал халық аузында жүрген тарихына үңілсек…

17 ғасырда өмір сүрген Сәңкібай батыр өзінің Әбілқайыр ханға есебін беруге кеткен кезде еліне шау шабады. Сол кезде Ақбота апамыз , Сәңкібай батырдың қызы 18 жасқа келіп, бұлаңдап, бой жетіп отырған шағы екен. Әкесі Сәңкібай батыр елден сарап шегіп кеткен уақытта тосыннан келген жауға ерлерше киініп, елдегі ағ,айын-тума, малшы-жалшыны жинап, қол бастап, жауға қарсы шабады. Барымталаған малды, қиянат көрсеткен елді құтқарғанымен, Ақбота апамыз осы жерде қаза табады. Қызының ержүректігіне , қаһармандығына риза болған әкесі Ақбота қызының мүрдесін осы адам аяғы баспасын, мал аяғы баспасын деп осы жотаның ең басына биік шыңына жерлеген екен», дейді Ләззат ЖАУЛИНА, Байғанин аудандық музейінің директоры.

– Еркебұлан, байқағаным, тау басында мынадай ақ тастар көп екен, сонда бұл жер бұрынғы теңіздің орны ма?

 Теңіз емес,мұхит болған бұл жерде. Оны қарапайым мынадай нәрселерден көруге болады. Мұны моллюски дейді. Мұхитта өмір сүреді, мұхиттың түбі болғанының тағы бір дәлелі. Мынау бор т астар, бордан құралған. Күннен-күнгге бұлар кішірейіп келе жатиыр да. Бұдан да биік болған деп айтады. Жауын-шашынның , жел де қашап тастады, содан кішірейіп келе жатыр. Жалпы, бор» дейді  Еркебұлан АЙМҰРАТҰЛЫ, туристік оператор жетекшісі.

Ақбота-Сәңкібай, Ақтолағай, Алтай батыр Аққұмы… Байғанин ауданының кереметтерін тізбектесек, осылай жалғаса береді. Тарихы бай өлкеге келушілер өте көп. Әсіресе, шетелдік туристердің қызығушылығы үлкен. Алып адам шахмат ойнағадай әсер беретін орынды көру үшін Англия, АҚШ Үндістаннан хабарласып жатқандар бар.
Неткен сұлу, неткен көркем! Ол, әрине- біздің ел!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button