Жаңалықтар

Сумо бала: 3 жастағы баланың салмағы 52 келіге жеткен

4.2
(12)

Алматы облысының тұрғыны Ерлік Нышанмолдаев «Баламды аман алып қалыңдаршы» деп көмек сұрады. Айтуынша, кенже ұлы семіздік дертіне шалдыққан. Туылғанда небәрі үш жарым келі болған бөбек бір жасында 20, екі жаста 30, үшке келгенде 52 кг-ға толысқан.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.

Нұрәли 3 жаста. Салмағы 52 келі. Бойы 100 см. Бойы өз жасына сай келгенімен, салмағы артық. Әдетте мұндай жаста баланың салмағы 13-17 келі болу керек. Ата-анасының айтуынша, асқа тәбеті зор. Егер тамақты аз берсе, көгеріп жылап, тыныс ала алмай қалады.

Баласы анасына бағынбайды, әкесіне аздап көндігеді екен. Алайда бір жерден бір жерге баланы апарудың өзі мұң.

Менің  салмағым 58 келі. Баламдікі 52 келі. Көтеріп жүру қиын. Бірақ амал жоқ, балам болған соң көнемін. Өзі көп жүрмейді. Шаршап қалады. Дем жетіспей қалады. Жүрегін май баса бастаған. Басқа балаларға ілесе алмайды. Тез шаршайды. Баламның денсаулығына уайымдаймын. Емделіп кетсе екен деймін», – деп жылады әкесі.

Бұл ретте сарапшы мамандар ата-ананың баланың айтқанын істеп үйренгенін айтады. Бұл баланың ерке болуына, семіздікке шалдығуына әкеп соғады деп ескертті.

Ал эндокринолог маман Нұрәлидің семіздіктің үшінші, соңғы дәрежесінде екенін айтты.

Алматы теміржол ауруханасы Нұрәлиден тиісті анализдер алып, барлық дәрігердің қабылдауына тегін қабылдауға даяр екенін айтты. Алдағы уақытта Нұрәли осы мамандардың бақылауында болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button