COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

Шенділердің екпе алдым деп жұртты алдауы мүмкін бе?

5
(1)

Вакцина салдым, дауға қалдым! Шенділердің екпе алдым деп жұртты алдауы мүмкін бе? Әлемдік алпауыт елдердің басшыларынан бастап, отандық саясаткерлерге дейін вакцина салдырып жатқанын көрудеміз. Екпені ағзаға енгізу кезінде инені сұқпайды екен, ол қайырылып кетеді-мыс деген ақпараттар қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцина дегеннен шығады бұл күні әлем бойынша мамандар коронавируске қарсы екпені әзірлеп, тәжірибеден өткізуде. Ел алдында жүрген азаматтар сынаққа қатысып жатқанын көріп отырмыз. Мысалы,  АҚШ президенті Джо Байден, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаниягу, Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу вакцина ектірген еді. Отандық саясаткерлерден еліміздің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов, Президент кеңесшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та бұл науқаннан тыс қалмады. Әсіресе соңғысына қатысты әлеуметтік желіде талқылау көп болды.

Әкімнің баспасөз хатшысы Сапарбаевқа екпе өтірік салынды деген ақпаратты жоққа шығарды. Фотосуреттердің түпнұсқасын ұсындық дейді. Қазір шенеуніктің жағдайы жақсы екен.

Олжас САЙЛАУБЕКҰЛЫ, Жамбыл облысы әкімінің Баспасөз хатшысы

«Бердібек Сапарбаевтың коронавирусқа қарсы екпе салдырғанына бір аптадан асты. Денсаулығында еш өзгеріс байқалған жоқ. Әдеттегідей, қызметін атқарып жүр. Протоколға сәйкес, вакцинаны сынақтан өткізудің бірнеше кезеңі бар. Бірінші екпе салдырған соң 21 тәуліктен соң тағы бір дозасы егіледі. Ал антиденелердің қалыптасу қарқыны 180 күн бойы бақыланады».

Шенеуніктеріміз вакцинаны тестілеуге қатысып жатқанда еліміздің бас дәрігері үнсіз отырды. Жаңа жылдан кейін бірден көпшіліктің алдына шыққан Алексей Цой қазақстандық және ресейлік вакциналардың тәжірибеден өткізу әлі аяқталмағанын айтты. Барлық талаптардың орындалғанын күтіп отыр екен.

Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау Министрі

Әріптестерімнің екпе жасағаны жақсы. Бірақ, бір нәрсені түсіну керек. Егер Денсаулық сақтау министрі яғни маған екпе салынса, бұл халыққа вакцина дайын, 100 пайыз қауіпсіз деген белгі сияқты болып көрінеді. Сондықтан біз медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының сарапшылары вакцинаның  толыққанды қауіпсіз болуын тексергенін күтіп отырмыз».

Вакцина толық дайын болмаса шенеуніктер не егіп жүр деген сұрақ туындайды. Эпидемиолог маман қордаланған сұрақтарға қатысты қорыта былай деп жауап қатты.

Рафаиль КИПШАКБАЕВ, Эпидемиолог, медицина Ғылымдарының кандидаты

Бұл жасы ұлғайған азаматтар. Сондықтан оларға вакцина қажет. Коронавирус қанша адамның өмірін қиғанын көрдіңіздер. Ал енді шприцтерге тоқталатын болсақ, егер бір азамат вакцина ектіргісі келмесе витамин қабылдап жүре берер еді. Елдің алдына шығып фейк ақпарат тарауына ұмтылмайды да. Ал шприцтің түп мақсату егу. Яғни, оның сұйықтықты адам ағзасына енгізбей тастайтын түрлері болмайды».

Сонымен, отандық саясаткерлер вакцина салдырғандары туралы ел алдына шығып айту арқылы ұпай жинағысы келді ме әлде расымен вирусқа қарсы емнің тәжірибесіне азаматтық парызым деп танып қатысты ма ол жағы белгісіз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button