ЖаңалықтарҚоғам

Тойды ұмыт деген: Қазақстан жұлдыздарына заң жүрмей ме?

3.8
(6)

Бізде күнде жиын, күнде той! Құдалық та, ұзату да, беташар да дүркіреп өтіп жатыр. Шектеу шарасын пысқырып жатқан жан баласы жоқ. Арасында халық алдында жүрген өнер адамдары да бар. Алайда босаңсуға болады деген сөз емес. Ел бойынша 600-ге жуық той иесіне ірі көлемдегі айыппұл салыныпты. Бірақ бір қызығы, бұл тізімде дүбірлетіп той өткізіп, карантиндік тәртіпті бұзған сахна серкелері мен еркелері жоқ. Неге? «Жұлдыздарға» заң жүрмей ме? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент тойды, той туралы ойды ұмытыңдар деді. Сөз жүзінде солай-ақ шығар, бірақ іс жүзінде көрініс басқа. Тығылып той өткізгендерді көз күнде көріп жүр. Жұрт беташар, ұзату, құдалықты да жарысып, жасырын түрде  жасап жүр.

Тәртіпке бағынбағандардың арасында өнер адамдары да бар. Жанар Айжанова қызын, Төреғали Төрәлі қарындасын ұзатты.

Әли ОҚАПОВ, әнші:

«Келесі жылы 30-ға келемін. 30-ға дейін үйлену туралы сұрақты жабу керек сияқты. Өзіме сондай талап қойдым және барымды саламын»

Биылдан қалмай «үйленемін» деп жалпақ жұртқа уәде еткен Әли Окапов та сөзінде тұрды. Әншіге елдегі карантин де кедергі болмапты. Бірнеше апта бұрын Роза Рымбаеваның тұңғышы қолына құсын қондырып, анасының көптен күткен арманын орындады.

Мақпал Жүнісова да күнде жиын, күнде тойда жүр. Қысқасы сахна саңлақтарының өзі заңды пысқырып жатқан жоқ. Дегенмен тәртіп бәріне бірдей емес пе? Екі айда 600 ге жуық адамға айыппұл салыныпты. Көлемі де аз емес. Берісі 80 мың, арысы бір жарым миллион теңге.

Жанна ПІРАЛИЕВА, қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаменті бөлім басшысының орынбасары:

«Той жасап заңбұзушылық жасаған кезде той иесіне 30 МРП көлемінде айыппұл салынады. Ал мейрамхана иесіне кіші бизнес болса 230 МРП,  орта бизнес болса 310 МРП, ал ірі бизнес болса 1600 МРП айыппұл салынады».

Бұл тек СЭС мамандарының назарына іліккендері ғана. Айтпақшы, айыппұл арқалағандардың қатарында әлгіннен айтып жатқан әншілер жоқ.

Ерсейіт ӘЛІМ,  қоғам белсендісі:

«Заң негізі бәріне бірдей болу керек. Бірақ, айналып келгенде, айыппұлдарды төлеуі керек адамдардан гөрі, соңғы ақшасына қонақ шақырған адам белшесінен қарызға батып жатады.»

Жұлдызды той министр Цойдың да назарына ілінген еді.  Ведомствоның ресми өкілі «анықтаймыз, жазалаймыз» деп сендірген-ді. Соңында құр сөз болып қалған сияқты.

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

«Бұл сұрақ аясында денсаулық сақтау министрлігі бақылау жүргізіп отыр. Бүгін таңертең осы тақырыпты талқылаған болатынбыз. Бұл мәселе көп ұзамай шешіледі».

Дегенмен ұят болмасын деді ме, әйтеуір Әли Оқаповтың тойы өткен мейрамхана иесіне 41 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

Ыбырайым БАБАЕВ, қоғам белсендісі:

«Бізде заң жүйеге қойылмаған. Той жасап жатқандарға 42 мың салады екен да, көшеде маскасыз жүргендерге 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Әрине. бұл барып тұрған бассыздық. Бұны ойына келгенді жасау деп білемін».

Ал қалғандары тек ескертумен ғана шектелді. Олардың тойлары үйде, иә, табиғат аясында жасалыпты-мыс.  Бірақ, еліміздің бас санитарының қаулысына сәйкес, кез келген отбасылық отырыстарға тыйым салынған емес пе?

Жанна ПІРАЛИЕВА, қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаменті бөлім басшысының орынбасары:

«Егер де үйде жасап жатса да, коттеджде жасаса да, осы айыппұл қарастырылған. Оларға 230 МРП көлемінде айыппұл салынады»

Сонда сахна серкелеріне әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ па?

Ыбырайым БАБАЕВ, қоғам белсендісі:

«Қызметте отырған ағаларының абыройын пайдаланып, 100-120 адамдық тойларды жасап, сытылып кеткендер бар».

Қалай болғанда да, тәртіп бәріне бірдей болуы шарт.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close