Жаңалықтар

Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар академиясы құрылмақ

5
(1)

Қазақстанда Үкіметтік емес ұйымдар академиясы жобасы жүзеге асырылады. Мұндай пікірді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Үкіметтік емес ұйымдарды кәсібилендіру бойынша шаралар қабылдау жоспарланып отыр. Тұрақты әрі бәсекеге қабілетті үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін «Үкіметтік емес ұйымдар академиясы» деп аталатын жоба құру жоспарланған. Академияның құрылуы бұл сектордың дамуы үшін жақсы алғышарттар жасап, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің құзіреттілігін арттырады деп ойлаймыз», – деді ол «Даму тарихы: іштей көзқарас» атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференциясында.

Оның атап өтуінше, «Асар» бизнес пен мемлекеттің үшжақты серіктестігі тұғырнамасы тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Аталған тұғырнама аясында бизнеспен бірге әлеуметтік бастамаларды дамыту көзделген. «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың да қызметін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еліміздің барлық өңірлерінде ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру жобалары жүеге асырылуда», – деді Бағдат Қожахметов.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close