Жаңалықтар

Қытай мен Ресей Назарбаевтың ұсынысына оң баға берді

0
(0)

Ресей ядролық қаруы бар барлық мемлекеттің қатысуымен осы салада көпжақты келіссөздер жүргізу маңызды деп санайды. Бұл туралы «Известия» РФ сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспа департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Тамыз айының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық одақтың қатысуымен Қазақстанда ядролық қаруды қысқарту жөнінде халықаралық саммит өткізуді ұсынған болатын.

«Известия» жазғандай, Ресей тарапы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысына назар аударды.

«Біз халықаралық қауымдастықтың барлық мүшесі сенімді нығайту, шиеленіс деңгейін, стратегиялық белгісіздік пен жанжалдың жалпы әлеуетін төмендету бойынша нақты қадамдар жасайтын уақыт келді деп санаймыз, бұл сайып келгенде ядролық қарусыздану перспективаларына тікелей және оң әсерін тигізеді», — деп атап өтті департамент. — Осы тұрғыда әскери ядролық әлеуеті бар барлық мемлекеттің атсалысуымен зымыран-ядролық қару саласындағы болжамдылық пен ұстамдылықты қамтамасыз етудің мүмкін шаралары жөнінде көпжақты талқылауды бастау маңызды болмақ».

Ведомство мұндай жұмыс «келісім негізінде және барлық қатысушы тараптың заңды мүдделері мен алаңдаушылығы ескеріле отырып, ешқандай мәжбүрлеусіз» жүруі тиіс деп атап өтті.

Бұған дейін Қытай тарапы Назарбаев айтқан бастаманы қолдайтынын білдірді. Қытай Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ядролық қаруды қысқарту жөніндегі күш-жігерін қолдайды, деп мәлімдеді Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close