Жаңалықтар

Ширек финалға алтыншы жолдамаға Бразилия қол жеткізді

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалында Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бразилиялық футболшылар ойынды өте қарқынды бастады. Бірінші кезеңнің өзінде қарсылас құрама қақпасына төрт гол соғылды.

Алдымен Винисуис Жуниор 7-минутта есеп ашса, 13-минутта Неймар пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Ал 26-минутта Ришарлисон есепті үстемелесе, 36-минутта Лукас Пакета гол соқты.

Корейлік футболшылар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде 76-минутта Пэк Сын Хо есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша Бразилия қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Енді олар ширек финалда 9 желтоқсанда Хорватиямен кездеседі.

Екі құрама өзінің тарихында 25 мәрте кездесті.

Екеуінде Оңтүстік Кореея жеңіске жетсе, сегізінде тең нәтижесінде тіркеліп, қалғанында бразилиялықтар басым болды.

Қазірге дейін ширек финалға бес құрама белгілі болды. Енді ширек финалда Нидерланд пен Аргентина, Англия мен Франция құрамалары шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 6 желтоқсанда Марокко мен Испания, Португалия мен Швейцария жасыл алаңға шығады.

Фото: inform.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.