Жаңалықтар

Дикий Арманды қамау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзарды, – деп newsroom.kz хабарлайды tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 6 қазанда мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарған.

«Тергеу органдарының Д-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 11 айға дейін, яғни 7 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда арнайы операция барысында ұсталғаны айтылды. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны айтылды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді. 

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты. 

Фото: tengrinews.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.