Жаңалықтар

Үш күнде қостанайлықтарға 1200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

Үш күнде аманаттықтар 1214 тонна гуманитарлық көмек жинады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Елімізде өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Небары үш күнде аманаттықтар 1214 тонна гуманитарлық көмек жинады. Бұл – азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т. б.

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина азық-түлік пен киім-кешек жеткілікті мөлшерде жиналғанын атап өтті. Қазіргі уақытта ең көп сұраныс құрылыс материалдарына қатысты болып отыр.

Үшінші күні 196 тонна гуманитарлық көмек тиелген 13 жүк көлігі жіберілді. Соның ішінде Ұлытау, Жетісу, Атырау, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларынан жолданған көмек бар. Мәселен, Түркістан облысынан аманаттықтар 72 тонна гуманитарлық көмек жолдады.

«Облыс тұрғындары қостанайлықтардың жағдайына алаңдап отыр. Небары бір тәулікте 4 жүк көлігі керек-жараққа толтырылып, зардап шеккендерге жіберілді. Жағдай тұрақталғанға дейін гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз және барлық түркістандықтарды ортақ іске қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсенбай Тәжібаев.

Көмек жинауға белсенді атсалысқандары үшін партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов ақтөбеліктерге алғысын білдірді.

«Игі іске қол ұшын созған адамдардың қарасы қалың. Осынау сын сағатта ауызбіршілігімізді танытып, ынтымақтаса әрекет етіп жатырмыз. Әркім ортақ іске өз үлесін қосқысы келеді. Қөмек қолын созған адамдардың барлығына алғыс айтамын», – деді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.