Жаңалықтар

Отандық танымал музыкант және композитор коронавирустан көз жұмды

Танымал композитор коронавирус індетінен қайтыс болған

 

Отандық танымал музыкант әрі композитор Яков Хан 80 жасына қараған шағында өмірден өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да көңіл айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Айта кетсек, танымал композитор коронавирус індетінен қайтыс болған.

«Өкінішке қарай, COVID адамдардың өмірін жалмап жатыр. Бүгін тағы бір керемет тұлғаны алып кетті. Яков Ханның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстандағы танымал музыкант, композитор, джазмен артында бай шығармашылық мұрасын, түрлі жанрлардағы туындыcын қалдырды. Ұзақ жылдар бойы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблімен серіктестік жасаған еді. Олар үшін қаншама мықты туынды жазды. Өкінішке қарай, осы бір керемет жанның ғұмыры үзілді», – деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Айта кету керек, Яков Хан әйгілі Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкенов өнер көрсеткен «Арай» тобының құрамында болған. Одан бөлек корей театрында музыкалық спектакльдерін қойып, бір актілі бірнеше туындыларға ән жазған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.