Жаңалықтар

Жарылғыш зат жанып жатқан кезде оны өшіруге әрекет жасау алгоритм ба?

Ол да сол Ермекбаев шыққан жүйеден шыққан адам. Қорғаныс саласында реформа жасайды деу қиын. Жалпы біз өте қызық ұстанымы бар мемлекетпіз

Жамбыл облысындағы от өшкенімен, мың сан сұрақ мазалаған көпшіліктің көңіліндегі өрт өшкен жоқ. Себебі айқын, анық жауап берілмеді. Жұрт өздерінше үкім кесіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мәселен Мұхтар Тайжан былай деп жазған. Қазақшаласақ  Әскерилердің жарылғыш зат жанып жатқан апат орнынан өрт сөндірушілерге қауіп барын ескертпей қашып кеткені дәлелденсе оларды әскери трибуналмен соттау керек. Себебі жанып жатқан жарылғыш затты өшірудің қаншалықты қажеті бар еді? Енді міне, адамдар мерт болды. Ата ана баладан, бала әкеден айырылды.

Әлбетте жарылғыш зат жанған кезде оны өшіруге әрекет ету дұрыс алгоритм ба? Белгілісі комиссия құрылып, оқиға орнында тексеріс жүргізіліп жатыр. Министр отставкаға кетті, орынбасары келді. Алайда қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай ауыс-түйістен бірдеңе өзгеретініне күмәнді.

«Қорғаныс министірлігіне басқа аймақтағы  басшы әкеліп қоймаған соң, Ермекбаевты орнынан алдың не, алмадың не? Ол да сол Ермекбаев шыққан жүйеден шыққан адам. Қорғаныс саласында реформа жасайды деу қиын. Жалпы біз өте қызық ұстанымы бар мемлекетпіз.  Басшы не министр орнынан кетсе, сол жерге оның бірінші орынбасары жалп етіп отыра қалады. Одан не пайда? Ол да сол өзіне дейінгі басшының ісегенін істейтіні белгілі».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.