ЖаңалықтарҚызылорда облысы

Қызылордада Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерінің атына көше берілді

0
(0)

Қызылорда облысы Сексеуіл елді мекенінде соғыс ардагері Алмағанбет Махановтың атына  көше  берілді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Astana Tv-ға сілтеме жасап.

Сыр елінен соғысқа аттанған жас сарбаз Праганы азат етуге атсалысқан. Майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетті. Жеңіс туы желбіреген соң туған жерге оралып, ел дамуына үлес қосты. Мұны жауынгердің ұрпағы үлкен  мақтанышпен айтады. Батырдың қызымен  тілшіміз Ғалымжан Өтеміс тілдесті. Биыл жеңіс туының  желбірегеніне – 76  жыл. Ел мен жер  үшін жанын аямаған, кескілескен шайқаста жауға қаймықпай қарсы тұрған   бабалар ерлігі  ешқашан ұмытылмайды.   Баян  Маханованың әкесі-Алмағанбет небәрі  18 жасында соғысқа аттанған.  Жас бозбала оңы мен солын танымай жатып,  оқ пен оттың ортасына түсті.

Баян МАХАНОВА, АРДАГЕРДІҢ ҚЫЗЫ: Соғысқа барған соң бірден оқуға жібереді. Алты ай оқып, бірден соғысқа аттанады. Бұл кісі разведчик болады. 285-ші артилерияның пульеметчигі болған.   Сырбойылық сарбаз Сталинград, Курск, Прага жерлерін азат етуде генерал Чуковтың взводында соғысады.  Ерекше ерлігі үшін бірнеше рет Даңқ орденімен,Отан соғысының  бірінші дәрежелі ордендерімен марапатталған.

Баян МАХАНОВА, АРДАГЕРДІҢ ҚЫЗЫ: Гелвеншталд деген неміс жеріне барғанда әкем он немісті құлатады. Өзі де жауырынынан жарақат алады. Соның арқасында 71 жасында жүре алмай қалады. 42 оқ қалдығы омыртқасына тиіп жараланады. Елге оралған соң да елеулі еңбек етті. Темір жол саласында жұмыс істеді, машинист болды. Ұрпақтары осындай арда азаматтың жалғасы болғанын мақтан етеді. Немересі Абылай Ақылбек қазір Ресейдегі Ұшқыштар әзірлейтін жоғары лицейде білім алып жатыр. Оқуды тәмамдаған соң елге келіп, мен де халық игілігі үшін қызмет етем дейді ол. Ал баба есімін ұлықтап, құрметіне көше берілгені Алмағанбет ұрпағын тіпті  марқайтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button