Алматы қаласыЖаңалықтар

 Тексерушілер кәсіпкерлерден ауызбастырық дәметіп, келіспегенге айыппұл төлеттірген

1
(1)

Алматыда мониторинг топ тексерушілері кәсіпкерлерден ауызбастырық дәметкен. Ал келіспегендеріне шетінен айыппұл арқалатыпты. Карантин есебінен қалтасын қампайтпақ болғандарды прокурорлар анықтады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың айтуларынша, жыл басынан бері осындай 120 жағдай тіркелген. Әсіресе қымбат мейрамханалар мен дәмхана иелерін қыспаққа алған. Әр нәрсені сылтауратып ақша дәметкендер, тіпті арзанқол тамақтану орындарын да қалт жібермепті. Мекеме жабық тұрса да, тырнақ астынан кір іздеп, айыппұл салмақ болған. Ал кейбір жағдайда мониторинг тобына қатысы жоқ тұлғалар кәсіпкерлерге сес көрсеткен. Прокурорлар өзін «мониторинг топпыз» деп таныстырып, дәмханаға баса-көктеп кірген полиция қызметкерлерін жазаға тартты. Сақшылар кәсіпкерді қысымға алмақ болған дейді. Сөйтіп жүріп бейнебақылау таспасына түсіп қалыпты. Жалпы жыл басынан бері осындай 120 жағдай тіркеліпті. Көбісі жалған тексеруші боп шыққан.

Айдос Смайыл, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімінің директоры

Ол жерге тек 2-3 учаскелік келген, жабылыңдар деген. Негізі олардың ондай құқығы болмаған. Олар заң бойынша жауапқа тартылды. Полиция ғана келеді немесе түсініксіз біреулер келеді. Кейбіреулері құжатын көрсетпейді. Құжатты көрсет, мен қазір жазып алам, тізімнен қараймын десе, ол проблема болатынын бірден түсінеді де, қашып кетеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button