Жаңалықтар

Президент «Спутник-V» вакцинасын салдырды

1
(1)

Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жазбада Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырғаны,  бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы екені айтылды. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button