ЖаңалықтарКадрлар кабинеті

Әлия Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

0
(0)

Экологиялық ұйымдар қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрайымы болды. Бұл туралы 5 сәуірде өткен «Жасыл Ел» ЖЕЖ Кеңесінің бірінші отырысында айтылды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы парламенті сенатының және мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кіргені туралы хабарланды:

Айгүл Соловьева – Кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы;

Тоқтар Болысов – Кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры;

Азамат Данияр – Кеңес хатшысы, «Жасыл Ел» ЖЕЖ республикалық штабының жетекшісі;

Нұртөре Жүсіп – Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты;

Елдос Абақанов – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;

Айжан Сқақова – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;

Тілектес Адамбеков – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;

Мәди Ахметов – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;

Мая Бекбаева – журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;

Эмин Аскеров – қоғам қайраткері, кәсіпкер, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;

Тимур Елеусізов – «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары;

Болат Бұхарбай – блогер, «Jaqsy Bolady» YouTube арнасының авторы.

«Жасыл Ел» ЖЕЖ-ның республикалық штабының жетекшісі Азамат Даниярдың айтуынша, бүгінде аймақтық штабтар Шымкенттен басқа 16 аймақта жұмыс істейді. Жасақ саны жылына 20 мың адамды құрайды. Отырысты қорытындылай келе, «Жасыл Ел» ЖЕЖ басшысы олардың санын 30 мың адамға жеткізу туралы жоспарларын айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button