COVID-19 vs QazaqstanАлматы қаласыЖаңалықтар

Мектеп оқушылары сыныпта маскамен отыру керек пе? Бекшин жауап берді.

0
(0)

Алматыда көптеген оқушылар оқытудың аралас түріне көшті. Оқудың санитарлық талаптары туралы онлайн брифинг барысында қалалық Санитарлық экпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 жасқа дейінгі балалар ғана маскасыз жүре алады. Ал 5 жастан асқан балалар маска тағуы тиіс. Бұл мектептің басқа да қызметкерлері мен ұстаздарына қатысты», – деді бас санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, қазіргі коронавирус толқыны өткендегімен салыстырғанда балаларға жиірек жұғып жатыр. «Мысалы былтыр пандемия басталғалы 281 оқушы ауырған. Ал биыл жыл басынан бері 2 айда 500 оқушы ауырған. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне де қатысты. Егер былтыр сәуірден желтоқсанға дейін 28 бала жұқтырса, биыл 38 бала жұқтырған», – деді спикер.

Бекшиннің айтуынша, балалар офлайн оқу кезінде де ата-аналарынан, туыстарынан жұқтырып жатыр. «Көбінесе офлайн форматта оқитын балалардың 61%ы үйінде жұқтырғаны анықталып отыр. Ал былтыр 4 мұғалім ауырса, биыл 10 мұғалім жұқтырған», – деді Ж. Бекшин.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button