Жаңалықтар

Желіде арыстанның көлікпен серуендеп жүрген фотосы тарады

Видео кадрларында аң патшасы арыстан табандарын көліктің терезесіне іліп отырғаны көрінеді.  

Желі оқырмандары түсірген видеода арыстан көліктің ішінде, терезеден басын шығарып отырғаны байқалады. Сондай-ақ бұл оқиға Қарағандыда болғанын айтылған.

Видео кадрларында аң патшасы арыстан табандарын көліктің терезесіне іліп отырғаны көрінеді.  “Қарағандыда Лео көлікпен жүреді”, – делінген желіде жарияланған жазбада.

Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл фактіні жануарлар дүниесі жөніндегі облыстық инспекция зерделейтінін хабарлады.

https://www.instagram.com/p/CMCkP13My8w/?utm_source=ig_embed

“Соңғы уақытта елде жабайы жануарларды үйде ұстау жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ақылға қонымсыз дүние. Жабайы жануарлар адамдармен бірге  үйде тұра алмайды. Бір жағынан аңдарға деген қатігездік және басқа адамдардың өміріне қауіпті. Мұндай фактілерді заңнамалық түрде болдырмайтын уақыт келді. Экзотикалық жануарларды ұстайтын адамдарға, сондай-ақ бұл үшін жағдай жасайтындарға қатаң жауапкершілік шараларын анықтау қажет. Біз осындай фактілерді жан-жақты зерттеп, жолын кесуге ниеттіміз”, – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.