ӘлемдеЖаңалықтар

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандар санының ең үлкен көрсеткіші тіркелді

0
(0)

Бразилияда бір күнде екі мыңға жуық адам көз жұмды.

Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Ал вакциналау науқаны баяу жүріп жатыр. Бір жарым ай ішінде екпенің екі дозасын халықтың небәрі 1 проценті алған. Мемлекет басшысы індетпен тек үкімет қана емес, жалпы ел болып күресу керек екенін айтты. Жаир Болсонару кем дегенде сақтық шараларын мейілінше сақтап, тәртіпке бағынып, талапты орындау қажеттілігін еске салды. Біреуге мұң шағып, шағым айтудың енді қисынсыз екенін де тілге тиек етті.

Жаир Болсонару, Бразилия президенті: – Қашанғы шағымдана бересіздер? Қашанғы үйде қамалып отырасыздар? Әрине, індеттен көз жұмғандар үшін қайғырамыз. Алайда тірі адам тіршілігін істейді. Біз тұрғындарды вирустан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Ол үшін сатып алатын вакцина санын арттырдық.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button