ЖаңалықтарҚостанай облысы

Қостанайда мерзімінен бұрын дауыс беру басталғаны рас па?

0
(0)

Қазақстанда 10 қаңтарда парламенттік сайлау өтеді. Бірақ Facebook-те осы аптада Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс берудің басталғаны туралы хабарлама тарады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Stopfake сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  Облыстық сайлау комиссиясы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты Ермек Нарымбай 4 қаңтарда өз парақшасында жариялады. Ол Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы «Сосновый» шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко постта көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

 «ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бiр күн бұрын жеткiзiледi. Аумақтық сайлау комиссиялары, әсіресе учаскелік комиссияларға әлі бюллетеньдер берілген жоқ. Сондықтан дауыс берудің өткізілуі мүмкін емес. Санаторий аумағындағы сайлау учаскесі уақытша болып табылады. Онда дауыс беретін сайлаушылардың тізімі сайлауға бес күн қалғанда ғана нақтыланады. Сайлау күні санаторийде қанша адамның демалатыны бүгін ғана белгілі болады. Содан соң азаматтардың тізімі жасалып, учаскелік сайлау комиссиясына тапсырылады. Осыдан кейін ғана учаскеге қажетті бюллетеньдер саны жеткізіледі. Бұл сайлауға бір күн қалғанда болады. Яғни, бюллетеньдер тек 8-і күні ғана жеткізіледі. 4 қаңтарда «мерзімінен бұрын дауыс берудің» өткізілуі мүмкін емес, – деп түсіндірді Александр МАЛАШКО.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button