ӘлемдеЖаңалықтар

Қарабақ президенті: келісім болмайды, Әзірбайжанмен соғысуға дайындалыңдар!

4.3
(7)

Таулы Қарабақтың президенті Араик Арутунян халықты соғысқа дайындалуға шақырды деп жазады «Sputnik Армения» сайты.

Ол Армения мен Әзірбайжан арасында болуы мүмкін келісімдердің бірде біреуін қабылдамайтынын мәлімдеді.

Оның ойынша армян тарапы Қарабақты әлсірететін келісімдерге бармайды. Арутунян Бакудың әрекетіне жауап қату мақсатында әскерді күшейту қажет деп санайды.

«Шындыққа тура қарап, келіссөздер мәселесін талқылағанша, соғысқа дайындалайық. Келіссөздер болмайды, мен оның жолын көріп тұрғаным жоқ. Әзірбайжан келіссөздерге дайын емес, ол Армения тарапын атқылап, атом станциясын жарып жіберуге ниетті. Қандай келіссөз жайлы айтуға болады?» — деді ол.

1991 жылы Таулы Қарабақта соғыс басталып, аталмыш аймақ Әзірбайжаннан тәуелсіздігін жариялаған болатын. 1994 жылғы келісімге қарамастан, Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс жағдайы сақталып келеді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close