Жаңалықтар

«Түркістан-Эль-Кувейт» әуе рейсінің алғашқы ұшағы сапарға аттанды

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» әуежайынан «Түркістан-Эль-Кувейт» бағытында алғашқы жолаушылар сапарға шықты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кувейт елінің астанасы Эль-Кувейт пен түркі әлемінің рухани орталығы Түркістан қаласы арасындағы тұрақты жолаушылар рейсі «Jazeera Airways» әуекомпаниясымен тасымалданады.

Рейстер аптасына 2 рет сейсенбі және жексенбі күндері «Airbus-320» ұшағымен орындалады. Ұшу уақыты – 4-4,5 сағат. Билет құны 150 000 теңгеден басталады. Бұдан былай қажылыққа аттанатын отандастарымыз Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұшуына болады.

Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.