Жаңалықтар

Қаржы министрі халықтың жалақысы туралы не айтты?

Халықты қымбатшылық қысып келеді деп жазады newsroom.kz порталы baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Азаматтардың алатын жалақылары күнделікті азық-түліктен артылмай жатыр. Енді халық қалай күнін көреді. Бұл сұраққа ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін кулуарда жауап берді.

Ол үшін жұмыс істеу керек. Көп жағдайда естіп жататыным зауыттар мен кәсіпорындарда 300 мың теңгеге жұмысшылар келмейді дейді. Ондай фактілер бар. Ондай жалақыға жұмыс істегісі келмей, еркін жүріп нағыз қоғамдық жұмысқа араласқысы келмейтіндер бар. Сондай масылдық бары белгілі. Дегенменде, менің негізгі кеңесім – жұмыс істеу. Жұмыс істеймін дейтін адамға бәрі бар. Кәсіп ашқысы келсе де барлық мүмкіндік жасалып отыр, – деді ол.

Сондай-ақ министр ең табысы төмен санаттағы  азаматтардың жағдайы барынша жасалып отырғанын айтты. Айтуынша, бұл мақсатта бюжеттен қаржы мен инвестициялар құйылып жұмыс жүргізілуде.

Халықтың тұрмыс-жағдайын бизнес саласында араласып жүргенсоң білеміз. Егер жұмыс жоқ деп жата берсек, жұмыс аспаннан түспейді. Ең бастысы, қандай жұмыс болсада ұялмау қажет, – деді Жамаубаев.

Қаржы министрі азаматтарға жалақы жеткілікті деп ойлайсыз ба деген журналист сауалына жауап берді.

Әрине, егер бюжеттен алар болсақ, ол асып-төгіп жалақы бермейді. Орташа жалақымыз қазіргі таңда 250 мың маңайында. Бұл жалақыны көп деп айта алмаймын бірақ өмір сүруге жетілікті. Дегенменде қосымша талпыну жұмыс істеу артық етпейді. 90-шы жылдардағы жұмыссыздық кезімен салыстыруға келмейді. Қазір әлдейқайда көп жұмыс орындары бар, – деді Ерұлан Жамаубаев.

 

 

 

Олжас АДАЙ

baq.kz

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.