Жаңалықтар

Шаңырақ оқиғасында қаза болған полицейдің ата-анасы Арон Атабекті босатпауды сұрапты

3.8
(51)

2006 жылы Алматыдағы Шаңырақ оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Әсет Бейсеновтің ата-анасы еліміздің Бас прокурорынан Арон Атабекті босатпауды сұраған.

Олардың хатының көшірмесі әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstanға сілтеме жасаған newsroom.kz. порталы.

Informburo.kz-ның хабарлауынша, хатта марқұм Әсет Бейсеновтің ата-анасы “Атабектің “саяси ұстанымы” оған деген көзқарасты өзгерте алмайды немесе оны адам өлтіруші ретінде ақтай алмайды” деп жазған.

“Әділдікке деген сенімімізді жоғалтпаңыз. Жалғыз ұлымызды өлтірген адамның жазаланғанын біліп өмір сүрген жағдайда көңіліміз жай табады”, — делінген хатта.

Айта кетейік, Шаңырақ оқиғасынан кейін 15 жыл түрмеде отырған Арон Атабек жақында денсаулығына байланысты бостандыққа шықты.

Арон Атабек — қазақстандық оппозиция өкілі, ақын, публицист, саяси белсенді. Алматыдағы Шаңырақ ықшамауданында “жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, полицияны өлтірді, сондай-ақ тұтқында кепілгер ұстады” деген айыппен 2006 жылы қамалған болатын.

Шаңырақ оқиғасы кезінде полиция қызметкері Әсет Бейсенов опат болған-ды. Оны біреулер бағанаға байлап, үстіне от қойып өртеп жіберген.

 

Дереккөз: https://www.altyn-orda.kz/kz/markum-politsejdin-ata-anasy-aron-atabekti-bosatpaudy-surady/?utm_source=redtram&utm_medium=referral&utm_campaign=news&utm_content=606086645&utm_term=385372&rt_campaign=380253&rt_click_id=2478372

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 51

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button