ӘлемдеЖаңалықтар

Адвокаты мен түрмесі және билеушісі жоқ Әлемдегі жалғыз ел қайда?

3
(2)

Испания мен Францияның арасындағы Пиреней тауларында тығыз орналасқан бұл елді картадан табу қиынның-қиыны. Дегенмен халқы 85 жасқа дейін өмір сүретін және 1278 жылдан бері бір елге бодан болмаған Андорраның даму тарихы кез-келген ел үшін үлгі болары хақ.

Қазір Андоррада билейтін Президент те, корольде жоқ. Бар-жоғы 28 адамнан тұратын дала кеңесі мен солар тағайындайтын премьер-министр билік функциясын атқарады. 400 шаршы шақырымға орналасқан 76 000 халқы, 7 қаласы бар Андорраның негізгі кіріс көзі туризм және банк саласы мен ауылшаруашылық өндірісі. Елдегі жастардың орташа жасы – 39 жасты көрсетеді. Бұл Еуропадағы өзге елдердей қартайып бара жатқан ұлт болмағанымен, қазір көптеген андорралықтар отбасы құрудан жаппай бас тартуда.

Елдегі қауіпсіздікті 200 полицей қызметкері ғана қамтамасыз етеді. Басқа елдердегідей адвокат мамандығын төбеге көтеру бұл елге тән емес. «Қылмыстың қорғаушысы» деп аталатын адвокаттар Андоррада жұмыссыз қалатын болғандықтан, бұл мамандыққа сұраныс мүлде жоқ.

Елдегі орташа жалақы мың еуро, ал мұғалімдер мен оқытушылар айлығы екі мың еуродан асады. Өзге Еуропа елдеріне қарағанда Андоррада баға айтарлықтай арзан. Қазақстан секілді тоғызыншы территорияны алып жатқан аумағы болмаса да Андорра ауылшаруашылығынан айтарлықтай табыс тауып, бүгінде өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Ақжелкенді (петрушка) өздері өсіретін болғандықтан оны қазір жергілікті тұрғындарға тегін таратуда.

Шенген зонасына кірмейтін Андорра Еуроодаққа да мүше емес. Көршілес елдердің туристері бұл елге шопингкке және арзан бағаға қызығып жиі келетіні соншалық, қайбір жылдары бұл ел шетелден келетін туристер санына шектеу қойған.

«С другого угла» Яндекс-Дзен каналының жазуынша 800 жылдан бері корольсіз және өзге де билік атрибуттарынсыз келе жатқан Андорраның тұрақтылығына жоғарыда жазған дала кеңесі мен премьерлік лауазым жеткілікті. Тамаша ұйымдастырылған және жолға қойылған жұмыстың нәтижесінде Андорра бүгінде осындай жетістіктерге жетіп отыр дейді аталмыш канал…

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button