ЖаңалықтарМедицина

Ғалымдар арықтау үшін кофені қалай ішуге болатынын айтты

0
(0)

Гранадск университетінің физиология кафедрасының ғалымдары спорттық жаттығулардан жарты сағат бұрын күшті кофе ішу майларды арылуға көмектесетінін анықтады.Бұл туралы newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Ғалымдардың жаңа зерттеуінің мақсаты жаттығу кезінде кофеин майдың тотығуын немесе «жануын» күшейтетінін білу болды. Оны қоспалар түрінде қолдану өте кең таралғанына қарамастан оның   пайдалы қасиеттері туралы ғылыми дәлелдер аз.

Зерттеуге 15 ер адам қатысты. Олар спорт жаттығулармен айналысып, 8:00 және 17:00-де кофеин немесе плацебо қабылдады.

Зерттеу көрсеткендей, кофеинді аэробты жаттығудан 30 минут бұрын ішу майды ыдыратады. Сонымен қатар, күннің екінші жартысында жаттығулар кезінде әсер жоғары болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button