ӘлемдеЖаңалықтар

Ғалымдар: Арктикадағы мұз біз ойлағаннан да жылдам еріп барады

5
(4)

Жаһандық жылынуға қатысты жағдай қауіпті болып тұр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.  Лондон университеттік колледжінің ғалымдары осылай деп отыр. Айтуларынша, Арктикадағы мұз бұған дейінгі есептеулерден 2 есе жылдам еріп бара жатқан көрінеді. Өйткені мамандар бұл жолы өлшеудің жетілдірілген технологиясын қолданған. Ғалымдар «бәріне жаһандық жылыну себеп» дейді. Өйткені қар бұрынғыдан аз жауатын болған. Тиісінше, мұз да жылдам ери бастаса керек.

 Мұздың қалыңдау болғаны дұрыс. Өйткені ол мұхитты күн сәулесінен қорғайды. Яғни мұз тез еріген сайын мұхит суы да жылдамырақ жылынады деген сөз, дейді Робби Маллетт, Лондон университеттік колледжінің өкілі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button