Жаңалықтар

Көлік мінеді, салық төлемейді

0
(0)

Елімізде бір миллионнан астам адам көлік салығын төлемеген. Берешектің сомасы 30 миллирд теңгеден асыпты. Қарыздың көбі – Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі. Шаһардағы көлік иелері 6 миллиард, облыстағылар 4,8 миллиард теңге, ал Нұр-Сұлтан қаласының жүргізушілері 3 миллиард теңге қарыз. 30 млрд теңгенің 27 млрд-ы  қарыздың негізгі сомасы, ал қалғаны – өсімпұл.

Ал борышкерлер саны бойынша антирейтинг жасайтын болсақ, Алматы облысы көш бастап тұр. Өңірде 165 мыңнан аса адам салық міндеттемелерін орындамаған. Екінші орында – Алматы қаласы. Онда борышкерлер са ны 107 мыңнан асады. Үштікті 104 мың борышкері бар Түркістан облысы тұйықтайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button