Алматы облысыЖаңалықтар

Алматы облысында перзентхана маңынан табылған адам сүйектері тұрғындарды шошытты

5
(1)

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адамның сүйектері табылды. Бұл оқиға жайлы видео әлеуметтік желіге тарады. Бейнежазба авторы Есік қаласындағы перзентхана маңынан адамның сүйектері табылғанын айтады. Видеодан адамның бас сүйегін көруге болады. «Бәлкім бұл жерде қорған болған шығар» деп пікір білдіреді видео авторы. Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да – сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының археологтары оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді» деп мәлім етті аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button