Жаңалықтар

Карантин кезінде «қалаулымдықтар» некесін қидыртты

0
(0)

Карантин режимі кезінде танымал жұптар некесін қидырды. «Қалаулым сен» жобасында табысқан Өркен Бақытбек пен Наргиз Әбдіғаппар ресми түрде ерлі-зайыпты атанды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Атышулы бағдарламаның арқасында танысқан қос ғашық қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде бөліскен. Жоба қатысушылары ата-аналарының рұқсатын алып, шариғат бойынша некесін қидырған. Алайда олар карантин салдарынан мешітке бара алмағандықтан, имамды үйлеріне шақыртқан.

Өркен мен Наргиздің бұл айтулы рәсімді карантин кезінде өткізуінің өзіндік себептері де бар. Олар қасиетті Рамазан айында дәл жұма күні отбасын құруды көптен бері жоспарлаған. Жас жұбайлардың айтуынша, үлкен үйлену тойы жазда дүркіреп өтпек.

Айта кетейік, Өркен мен Наргиздің таныстығы «Қалаулым сен» бағдарламасында орын алған. Алғашқыда аса жақын дос болған жоба қатысушылары уақыт өте келе, бір-біріне деген сезімдері оянғанын түсінген. Нәтижесінде екеуі жұп атанып, кейіннен қарым-қатынастары жанұяға ұласты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close