Жаңалықтар

Тоқаев: Коронавируспен күреске шамамен 6 трлн теңге жұмсалды

0
(0)

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күреске қанша ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан пандемияның екпінін азайту үшін қандай шаралар қабылдап жатқандығы туралы Президент ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы шараларға мемлекет 5 жарым, тіпті шамамен 6 трлн теңге жұмсаған.

Жалпы, біз қабылдаған шараларға мемлекет бес жарым, тіпті шамамен 6 триллион теңге шығындады – бұл 13 миллиард доллар немесе жалпы ішкі өнімнің 8 пайыздан астам көлемі. Яғни, тағы қайталап айтамын, бұл бұрын-соңды болмаған, шұғыл әрекет етуді қажет еткен шаралар. Бұл шараларды мақсатты түрде қолға алдық, әрине, ертең сын-ескертпелер болуы мүмкін, мәселен ақшаны желге шашты дегендей. Бірақ мен, ең алдымен, бұл жағдайда біздің азаматтарымыздың өмірі мен әл-ауқаты үшін аянбай күресуіміз керек деп санаймын, – деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев халық жоқта экономиканың да болмайтынын баса атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close