Жаңалықтар

Қарапайым шай құюшы танымал жұлдызға айналды

0
(0)

Пәкістандық шай құйып сатушы 18 жасар жігіт ғаламтордың жұлдызына айналды, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі .

 

Базардан нәпақасын тауып, күнелтетін Аршад Ханды жұмыс барысында саяхаттап жүрген оны журналист сыртынан суретке түсіріп алады. Ол суретті өзінің әлеуметтік парақшасына жүктеп, соның арқасында жігіт бірден танымал болып шығады. Оның түр-әлпеті модель болуға лайық екенін бірден байқайды.

Исламабад қаласының тұрғының есімі Аршат Хан. Ата-анасы базарда шай сатумен айналысатын ол, жексенбі күндері көмекке келіп тұратын болған. Дәл сондай бір күн оған бақыт сыйлайды.
Алдымен азық-түлік өндіретін компаниялардың жарнамасына түскен ол, кейіннен ірі компанияларды жарнамалаушы жұлдызға айналады.

Үш жылдың ішінде бүкіл Пәкістанға аты әйгілі адамдар санатына қосылады.

Алдағы уақытта шай кәсібін жандандырығысы келетінін айтқан.

«Мен тапқан табысымды ата-анама көмектесуге жұмсасам деймін. Сондай-ақ қайырымдылықпен айналысып, пәкістандық мұқтаж отбасыларға көмектескім келеді. Өзімнің жоғары білімім жоқ. Алдағы уақытта заңгер немесе дәрігер боламын деп айта алмаймын. Соның үшін білім алғысы келетін жастарға мектеп салсам. Және олардың лайықты білім алуына өз үлесімді қосқым келеді»,-деген Аршат хан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close