COVID-19 vs QazaqstanАлматы қаласыЖаңалықтар

«Сары» аймаққа кірген қалаларда жұма намазына рұқсат беріле ме?

0
(0)

Коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының аймақтар бойынша жаңартылған деректері мен эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы 4 күн бұрын қайтадан «сары» аймаққа енді.

Осыған орай Алматы қаласы мешіттерінде 5 наурыз күні жұма намазы уақытша оқылмайды. Оның орнына карантиндік талаптар мен санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып әдеттегідей бесін намазы оқылады.

«Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі мұсылман бауырлар! Ел ішінде орын алған осындай сындарлы сәттерге түсіністікпен қарап, жұртымыздың тыныштығы мен амандығы үшін дұғада болуларыңызды сұраймыз», – делінген Алматы қалалық Орталық мешітінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік,  Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 наурызда Алматы мешіттерінде толымдығы 30 пайызбен жұма намазын оқуға рұқсат етілген болатын. Қаланың «сары» аймаққа енуіне байланысты бұл қаулының күші жойылды.

Алматы қаласында былтыр 16 наурыздан бастап жұма намазын оқуға рұқсат жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button