ӘлемдеЖаңалықтар

Оқ атылып, қақтығысуда: Қырғызстанда революция басталды ма?

4.1
(23)

Қырғызстанда Парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген халық бүгін наразылық акциясына шықты. Мыңдаған адам Бішкектегі «Алатау» орталық алаңына жиналып, өз талаптарын айтты. Қарсылық акциясына тиісті 7% дауысты жинамаған партия өкілдері шыққан.

Кеш батқанша тарқамаған халық акциясы қарсылыққа ұласты. Наразы халық Парламентті басып алуға талпынғанымен, ІІМ қызметкерлері оларды шегіндіріп тастады. Халық тәртіп сақшыларына тас лақтыруда. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызар газ қолданып, резеңке оқ атуда. Қазіргі таңда наразылық акциясына 3-4 мың адам шыққаны белгілі болды.

Наразы халық пен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыс Қырғызстан астанасында әлі жалғасуда.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Автор мен редакцияның ойы бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 23

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button