ЖаңалықтарҚоғам

ҰБТ-да жоғары ұпай алған 5 түлектің аты-жөні жарияланды

3.4
(31)

Ұлттық тестілеу орталығы барлық бейнежазбаны талдаудан өткізгеннен кейін ҰБТ-да жоғары ұпай алған түлектердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнежазба тексерілді

Орталық директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, жоғары ұпай алған түлектердің аты-жөні бірден жарияланбады. Себебі тест тапсыру пунктерінде орналасқан бейнежазбалардың барлығы талдаудан өткізілген. Бұл жұмыс тамыздың соңында аяқталды.

«2020 жылдың маусым айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері бойынша ең жоғары балл алған бес мектеп түлегін атап өтуге болады. Соның ішінде 138 балды төрт түлек және 139 балды бір түлек жинады. Қолданыстағы ережеге сәйкес, ҰБТ-дағы барлық бейнежазба 25 тамызға дейін талдаудан өтіп, тыйым салынған заттардың қолданылмағанына көз жеткізген соң олардың есімдерін енді жария етіп отырмыз», – деді Смағұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

140-қа бір ұпай жетпей қалды

Сонымен, биылғы ҰБТ-да бес түлек ең жоғары ұпай жинады. Олар:

Шәмші Ақберен Серғалиқызы – 139 ұпай;

Әбдіманап Абзал Бауыржанұлы – 138 ұпай;

Қуаныш Гүлнұр Ердіханқызы – 138 ұпай;

Бекжігіт Сымбат Амангелдіқызы – 138 ұпай;

Күлжанова Салтанат Асқарқызы – 138 ұпай.

ҰБТ-да жоғары ұпай алған талапкердің үшеуі – Түркістан облысының түлегі.

Ақберен Шәмші Ордабасы ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясын бітірсе, Абзал Әбдіманап Теспе ауылдық мектебін тәмамдаған. Ал Гүлнұр Қуаныш Арыс қаласының Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында білім алды.

Сымбат Бекжігіт Шымкент қаласындағы қыздарға арналған №2 «Білім-инновация» лицей-интернатта оқыған. Салтанат Күлжанова болса, Маңғыстау облысының тумасы. Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылының мектебін бітірді.

Бесеуіне ноутбук беріледі

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ең жоғары ұпай жинаған бес түлекке ноутбук сыйға тартылатынын да айтты. Оның айтуынша, орталықта құрылған арнайы комиссияда жоғары балл жинаған түлектерді марапаттау мәселесі талқыланып, жоғары жаққа ұсыныс жасалды.

«Күні кеше республикалық комиссияның шешімімен осы ұсыныс қолдау тапты. Соның негізінде осы бір айдың ішінде оқуда пайдасы мол, оған қоса қазіргі қашықтықтан оқыту кезінде таптырмас көмекші құрал болатын ноутбуктерді сыйға тартпақпыз», – деп атап өтті Смағұлов.

138 ұпай алған бір түлек гранттан айырылды

Бұған дейін орталық бейнежазбаларды талдаудың нәтижесін жариялаған болатын. Соның қорытындысы бойынша 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылды. Олардың ішінде 97 грант иегері, тіпті, 138 балл жинаған бір түлек те бар. Енді осы гранттардың бәрі тесті әділ тапсырған түлектер арасында таратылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 31

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close