Жаңалықтар

Қазақстанда баспа БАҚ танымалдылығы неге төмендеп барады?

Оқырмандардың және сәйкесінше жарнама берушілердің қызығушылығы онлайнға ауысып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.

 

Қазақстанда баспа ісі саласындағы қызмет көрсету көлемі артып келеді: 2022 жылы соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш тіркелді — 61,5 млрд теңге. Бір жыл ішінде құндық мәндегі өсім — 14,3%. Өткен жылдар бизнестің бұл түрі үшін біркелкі болмады: сектордағы қызмет көрсету көлемі не төмендеді, не күрт өсті. 2022 және 2017 жылдардағы көрсетілген қызмет көлемін салыстыратын болсақ, онда айырмашылық небәрі 17,1%-ды құрайды.

Баспа қызметінде газет, журнал және басқа мерзімді басылымдарды шығару 44,5% құрайды. 2022 жылы аталған үш сегменттегі қызметтердің жалпы көлемі 27,4 млрд теңгені құрады. Мұндағы көрсеткіштер де біркелкі өспеді. Мәселен, былтыр журналдар мен басқа да мерзімді басылымдарды шығару 5,8 млрд теңгені құрады (2021 жылдан 7,2% көп), ал одан бір жыл бұрын 13,9% төмендеген. Бес жыл бұрынғымен салыстырғанда бұл сегментте қызмет көрсету көлемі екі есеге жуық аз.

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында газет шығару қызметі былтырғымен салыстырғанда 15,9% артып, 21,6 млрд теңгені құрады. Сырттай қарағанда айтарлықтай өсім көрінгенімен, осыдан бес жыл бұрын да, яғни 2017 жылы баспа кәсіпорындары сол 21 млрд теңгеден астам сомаға газет шығарған. Одан кейінгі барлық жылдарда саладағы қызмет көрсету көлемі жыл сайын небәрі 17-18 млрд теңге айналасында қалды. Инфляцияны ескере отырып, 2017 жылғы деңгейге оралуды жетістік деп санау қиын.

 

 

 

 

Газет шығару сияқты қызметпен айналысатын бизнеске қиын. Мәселен, баспаханалардың газет шығару қызметтері бағасының өзгеруін қарасақ, 2017–2019 және 2022 жылдары сектордағы бағаның өсуі 3%-дан аспады. Пандемия жылдарында баспалар бағаны толығымен түсірді, олар бағаны 5%–7% төмендетуге мәжбүр болды.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде мүлде басқа жағдай байқалды. Газет шығарудың негізгі шикізаты 2019 жылдан басқа жыл сайын айтарлықтай қымбаттады. Былтыр қағаз 16,4%, алдыңғы 2021 жылы — 8,6%, 2018 жылы — 28,3% қымбаттаған.

Бұл фактор соңғы өнім — газеттің өзіндік құнынан көрініс тапқаны сөзсіз. Қазір ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарап газеттердің қаншаға қымбаттағанын анықтау мүмкін емес. 2021 жылдан бастап ҰСБ бұл тауарлардың бағасын қадағаламайды.

 

 

 

 

Газеттердің қағаз нұсқаларын басып шығару құнының өсуіне тап болған редакциялардың қаржылық жағдайының нашарлауы да жарнама берушілердің баспасөзден онлайн БАҚ пен теледидарға кетуіне себеп болды. Мұны TNS Central Asia маркетингтік медиа-зерттеу компаниясының мамандары жүргізген Қазақстандағы жарнама нарығына жасаған шолуынан көруге болады. Ұйым сарапшылары бес жыл бойы коммуникацияның негізгі арналары арқылы жарнама ағындарын талдап келеді.

Баспа БАҚ жағдайы мәз емес: бес жыл бойы теріс үрдіс болды. Оның үстіне 2018–2020 жылдары құлдырау өте ауыр болды — бір жылда 32,6%-дан 38,9%-ға дейін төмендеді. Былтыр баспасөз жарнама көлемінің тағы 12,2%-ын жоғалтты.

 

 

 

 

Жарнама берушілердің қызығушылығының төмендеуі аудиторияға БАҚ-тың танымалдылығының төмендеуімен қатар жүретін процесс. Осы орайда, баспа басылымы шынымен де желі басылымдары мен әлеуметтік желілерден қалып қойды. Биыл наурыздың соңында ҚР президентінің сайтында жарияланған Қазақстанның ақпараттық доктринасында елдегі баспа басылымдары азаматтардың тек 9%-ы үшін ғана негізгі ақпарат көзі болып қала беретіні айтылған. Және бұл негізінен егде жастағы адамдар. «Кең аудиторияның балама байланыс арналарына көшуі қоғамның баспа БАҚ-қа деген қызығушылығының тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын көрсетеді. Мобильді интернеттің дамуының арқасында әлеуметтік желілер ел тұрғындарының кем дегенде жартысына, негізінен жастарға негізгі ақпарат көзіне айналды», — делінген құжатта.

Бұл үрдісті соңғы жылдардағы газеттердің жабылуы туралы хабарлардан түсінуге болады. Energyprom.kz редакциясы соңғы он жылдағы ірі баспа басылымдарының жабылуының негізгі себептері туралы деректерді жинады. Бәлкім, бұл толық тізім емес шығар, өйткені оған жабылуын республикалық ақпарат агенттіктері жазбаған аймақтық басылымдар кірмейді. Облыстық газеттер редакцияларының жұмысын тоқтатқаны туралы ақпаратты интернеттен де табу мүмкін емес. Сондықтан олардың саны бұдан да көп болса керек.

 

 

 

 

Соңғы екі жылда жабылғандар тізімінде бір кездері танымал болған «Караван», «Мегаполис» сияқты ірі газеттер мен қазақстандық байырғы басылымдарының бірі, 103 жылдық тарихы бар «Экспресс К» да бар. Баспа нұсқаларынан бас тарту тіпті қолдайтын сенімді инвесторы бар немесе ресейлік ірі баспа холдингтерінің филиалдары болған редакцияларда да байқалады. Олардың қатарында «Известия Казахстан» мен «Московский комсомолец в Казахстане» газеттері бар. Олар 2013-2014 жылдары ҚР нарығынан шығып кеткен.

БАҚ-тың жабылуының жиі айтылатын себептерінің бірі — газеттің бизнес үлгісінің қаржылық сәтсіздігі. Сондықтан газеттің қағаз нұсқасы жабылғаннан кейін жұмысын жалғастыруды ұйғарған көптеген редакциялар толығымен электронды форматқа көшіп, аудиториямен және жарнама берушілермен жұмыстың жаңа түрлерін тапты.

Редакциялардың экономикалық жағдайына да әсер еткен жабылудың басқа аталған себептері — аудиторияның қызығушылығын жоғалту және соның салдарынан таралымның азаюы және баспасөз құралдарының қолжетімділігінің азаюы. Бұл туралы «Караван» газетінің редакциясы оқырмандармен қоштасу хатында өте ықшамдап жазған: «Барлық жақсы оқиғалар ерте ме, кеш пе бітеді. Қазіргі әлемдік үрдіс бойынша тіпті ең танымал деген басылымдардың қағаз нұсқалары жабылып жатыр, өйткені адам оның бәрін интернеттен оқи алады. Қазақстанда да сондай жағдай. Газеттің не үшін керек екенін мүлде түсінбейтін тұтас ұрпақ өсті. Қазір үш-төрт жасқа толғандар бес-жеті жылдан кейін ақпаратты тек гаджеттен. Қағаз нұсқа интернеттен оңбай ұтылды».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.