Жаңалықтар

«AMANAT» Төрағасы «Мен жастарға сенемін!» челленджін жалғастырды

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ұлтымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай бастау алған «Мен жастарға сенемін!» атты акцияға үн қосты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Оған аталған челленджді ақын кіндік кескен Сарытомар ауылының 7 сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек жолдады.

«Осы мерейлі датаны Мағжанның жерлестері – біздің балаларымыз бастап беріп жатқанына ерекше қуаныштымын. Мағжан дегенде ұлы ақын ғана емес, ұлтымыздың тар жол, тайғақ кешкен тағдыры, бар аяулы болмысы көз алдымызға келеді», – деген Ерлан Қошанов ақынның «Атақты ақын – сөзі алтын хакім Абайға» өлеңінен үзінді оқыды.

Сөз соңында партия Төрағасы эстафетаны Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулетке және қазақ тілін дамытуға зор үлес қосып жүрген отандасымыз Ольга Спиринаға жолдады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.