Жаңалықтар

Отандық QAZVAC вакцинасы халал деп танылды

0
(0)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                  фото: biosafety.kz.

QazVac қазақстандық вакцинасы «Халал Даму» ЖШС сертификатын алды, деп хабарлайды newsroom.kz.  порталы Liter.kz-ге сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық вакцинаның сапасын атап өтті.

Препарат Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталған.

QMDB Halal стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау үшін ҚМДБ өкілдері, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және фетв бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтқа барып, OtarBioPharm биофармацевтикалық зауыты жағдайында QazVac вакцинасын өндірудің технологиялық процесімен мұқият танысты.

QazVac вакцинасын жылжытуға және «Халал Даму» сертификатын алуға институт зертханаларының меңгерушілері белсенді қатысты.

Тамыз айында Нидерланды ғалымдары QAZVAC коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытып отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button