ӘлемдеЖаңалықтар

Албандар Түркиядан 8,2 млн еуроға дрондар сатып алды

5
(1)

Еуропадағы шағын ғана Албания мемлекеті Польшадан кейін түріктерден жаппай дрон сатып алуда деп жазады trtrussian.com сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Басылымның жазуынша, түріктердің Baykar Defence компаниясымен дрон сатып алу мәселесі бойынша Литва тарапы келіссөз жүргізуден кетәрі емес.

Албания болса жергілікті бюджеттің осы жылғы 22 маусымдағы бағдарламасына сәйкес аталмыш дрондарды қорғаныс министрлігінің балансына өткізбек. Тирана тарапының ішкі істер министрі Бледар Кучи болса осы жылы арнайы Түркияға келіп, дрон өндіретін компаниялардың жұмысымен танысқан. Өткен жылы National War Technologies Defense Systems Inc. – деп аталатын түркияның дроннан қорғау жүйесін сатып алған Албания бұл бағытта сауда істеген әлемдегі бірінші ел болған.

Польша болса, НАТО елдерінен бірінші болып Bayraktar TB2 маркалы толыққанды барлау және логистикалық қуаты бар 24 дрон сатып алып, оны 2022 жылдың соңына дейін ел әскерінің қатарына қосуды жоспарлап отыр.

Польша қорғаныс министрі Мариуш Блащактың сөзінше «поляк әскері әбден сынақтан өткен және оның қатарынада бұрын болмаған заманауи қаруды алып отыр».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button