Жаңалықтар

Түркіменстан Елшілігі велосипед күніне орай жарыс ұйымдастырды

0
(0)

Қазақстан Республикасының астанасында Түркіменстан Елшілігінің қызметкерлері мен Түркімен студенттерінің, Нұр-Сұлтан қаласының ЖОО студенттерінің қатысуымен дәстүрге айналған веложарыс өтті.
3 маусым күні өткен веложарыс Түркіменстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік велосипед күніне орайластырылды.

Акция Қазақстан астанасының ең көрікті жерлерінің бірі – «Астана» Триатлон паркінде өтті.
Іс-шара барысында Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Реджепов Түркіменстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктері, елде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мемлекеттік саясаты туралы айтты.


Сондай-ақ, осындай жаппай велошерулерді Шымкент және Түркістан қалаларының жоғары оқу орындарында түрікмен студенттері өткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button